Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысы және Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік концерт өткізді.
«Назарбаев орталығы» ғимаратының аумағында «Шеберлер қаласы» орналасып, онда бүлдіршіндер халық шығармашылығымен кеңінен танысты және бір уақыт өздерін қыш-құмыра шебері, майда моншақпен кесте тігуші, сондай-ақ басқа да көптеген қолөнер маманы болып сезінуге мүмкіндік алды. Мерекелік шараның мейманы болып келген жас қонақтарға астаналық би ұжымдары, әншілер қауымы өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, әртүрлі сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды.
«Жылдар жылжып, айлар ауысқан сайын адамдардың саны да, санасы да бірге өсіп-жетіледі. Кеше ғана тұсауын кескен сәбидің ержетіп, үлкен азамат болып жүргенін көреміз. Бұл уақыттың бір орында тұрмайтындығын білдірсе керек. Дегенмен, адам баласы қанша жасқа келсе де, оның балалық шағы бәрінен ыстық болып тұрады. Қайта оралғысы келеді, бұрынғыдай еш нәрсеге алаңдамай, асыр салып ойнағысы келеді. Бірақ, уақыттың арнасы кері бұрылған емес, бұрылмайды да. Біздің бүгінгі шараны өткізудегі басты мақсатымыз – балалардың балалық шағы осындай қызықты күндермен, сәулелі сәттермен санасында қалғанын қалаймыз. Олардың жанарына жабысқан мұңның орнын қуанышпен толтырсақ дейміз. Сондықтан да бүгінгі шараға жан-жақты дайындалдық»,– дейді Қордың атқарушы директоры Сағындық Таупықұлы.
Иә, кез келген сәби бақытты болу үшін жаралған дейміз. Ал олардың бақытты болашағын қоғамның өзі тұрғызарын естен шығармауымыз керек. Ел ішіндегі осындай игі шаралар арқылы балаларға бақыт сыйлай алсақ, олар да өздерін қоғамның бір мүшесі екенін сезінеді. Тірегі мен қамқоршысы барын ұғынады.
Сондай-ақ, кеш аясында бүлдіршіндерге арналған «Тәттілер фестивалі» өткізілді. Онда балалар мультипликациялық кейіпкерлер кейпіндегі түрлі тәттілердің дәмін татты. Шара соңында ұйымдастырушылар қонақ болып келген балаларға Қордың атынан арнайы сыйлықтар табыс етіп, олардың болашақ өмірлерінде қуанышты күндердің көп болуын тіледі.
Рауан Қайдар,
«Егемен Қазақстан»

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20