Алматы қаласында Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамының шеңберінде «Жеке сот орындаушылық институты және оны дамыту» тақырыбында көшпелі отырыс болып өтті.
Отырыста жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланып, бүгінгі таңда сот орындаушылар қызметі аясында кездесетін түрлі мәселелер қозғалды. Екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысына Парламент депутаттарымен қатар, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының жауапты адамдары мен сарапшы мамандар қатысты.
Көшпелі отырысты ашқан Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамында қамтылған жеке сот орындаушылар институтының қызмет ету аясында атқарылар шаралар мен өзекті мәселелерді оңтайландыру, еліміздегі жеке сот орындаушылар қызметін жетілдіру ісінде ескерілуі тиіс маңызды тұстарға ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталып өтті.
Алғашқы баяндама жасау мәртебесіне ие болған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағанбетов жеке сот орындаушылық негіздері тақырыбын терең қаузап, құқықтық қызметтің бұл саласында кездесетін маңызды мәселелер барысын сөз етті. Бұдан өзге, көшпелі отырыстың басқосу жиынына арнайы қатысқан Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының төрағасы Сергей Ли, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Берік Дүйсенбинов, Мұхтар Тінікеев, Қанат Мусин, Балайым Кесебаева, Магеррам Магеррамов, Наринэ Микаелян, Снежана Имашева, Светлана Бычкова еліміздегі заң аясында осы уақыт аралығында жеке сот орындаушылардың атқарған еңбектері мен оның ел дамуына қосқан үлесін, ширек ғасыр ауқымында сот орындаушылық қызметтің қол жеткізген жетістіктері мен келешек даму үдерісі жөнінде өз ой-пікірлері мен ұстанымдарын көпшілік талқысына салды.
Шараға қатысқан қалалық прокуратура, сот және ішкі істер органдары қызметінің өкілдері, қаржыгерлер қауымдастығы мен Алматы қалалық Әділет басқармасы, Алматы және Астана қалалары мен барлық облыстардың өңірлік жеке сот орындаушылары, Алматы облыстық әділет басқармаларының жетекшілері дөңгелек үстел қонақтары мен қатысушыларына өз сауалдарын жолдап, тақырыптық пікір алмасу шеңберінде өткен көшпелі отырыс жұмысы жемісті болды.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20