Жер реформасы бойынша республикалық комиссия жанынан төрт жұмыс тобы құрылғаны мәлім. Яғни қазіргі уақытта құқықтық, экономикалық түсіндіру және қадағалау блоктары жұмыс істеуде. Мен облыстық қоғамдық кеңестердің де дәл осындай үлгі мен бағытта жұмыс істеуі қажеттігі жөнінде ұсыныс айтқым келеді. Осы арқылы ашық ой алаңынан ағылған пікірлерді сараптау мен жинақтау оңайға түседі.
Бір сөзбен айтқанда, бұл арада «төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша ауылдардан бастап аудандық, қалалық және облыстық қоғамдық кеңестерге ұсыныс-пікірлер жолданатын болады. Тағы бір айтайын дегенім, жұмыс топтарының нақты мақсат- міндеттерін айқындап алған соң барлық ақпараттар мен деректерді жүйелеп отыруға мүмкіндік туады. Бұдан кейінгі кезекте бірқатар нормативтік құжаттарды ресімдеу ісі де аса қиынға соқпайды деген ойдамын.
Бұл құжаттар іс барысында бақылауға алынып, қажет жағдайда мәтінге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Көңілге тағы бір медеу тұтарлық жағдай республика өңірлерінде құрылған қоғамдық кеңестер әзірге таптаурындылықтан ада. Оның мүшелері нақты ой-пікірлерін іркілмей айта алады. Қоғамдық кеңестерде осындай емін-еркін ойталқы жүргізілетін болғандықтан, бұл ұйымдарға қоғамдық бақылау құзыретін берген жөн-ау деген ой туады.
Себебі, кеңес құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері бар. Республикалық комиссия ізіндегі жоғарыда аталған жұмыс топтарының қызметін жандандыру арқылы тұрғындармен кездескен кезде жүйелі түрде ашық пікір алысуға мүмкіндік туатынына күмән келтіре алмаймыз. Қысқасы, жоғарыда айтылған маңызды да мәнді мәселелерге орай бірқатар түсініспеушілік көріністерінің алдын алуға жол ашылатыны анық. Осы арқылы халықтың қоғамдық кеңестерге деген сенімі де нығая бермек.
Айгүл ТУРКИНА,
«Заман» Батыс Қазақстан облыстық өндірушілер қауымдастығының төрайымы
ОРАЛ
• 01 Маусым, 2016
Республикалық комиссия – қоғамдық кеңестерге үлгі

Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
Оқиға • Бүгін, 15:43
«Ашық есік» күні: Ата-аналар әскердегі ұлдарының жағдайымен таныса алады
Әскер • Бүгін, 15:33
90 млн транзакция: Біз неге онлайн сатып алуға тәуелді болып барамыз?
Сауда • Бүгін, 15:20
«Лукойл» шетелдегі активтерін америкалық Carlyle-ға сатады
Экономика • Бүгін, 15:15
Президент Дархан Сатыбалдыға Алматының экологиялық жағдайын жақсартуды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:10
Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Қазақстанға алғыс айтты
Қазақстан • Бүгін, 15:02
Шаруаларды ерте қаржыландыру ісі қалай жүзеге асырылып жатыр?
Экономика • Бүгін, 14:55
Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ
Логистика • Бүгін, 14:42
Павлодарда ірі көлемдегі есірткі қоры жойылды
Есірткі • Бүгін, 14:29
Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адамның мәйіті Жайықтан табылды
Оқиға • Бүгін, 14:20
Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы 1,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Әлем • Бүгін, 14:10
Марқұмның ағзасы төрт адамның өмірін сақтап қалды
Медицина • Бүгін, 13:55
Ұлттық ұлан мен «Аналар жүрегі»: Әскердегі бақылау қалай өзгереді?
Әскер • Бүгін, 13:43
GPT мен Gemini-ден озып тұр: Қытайлық стартап ашық ЖИ-модель ұсынды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:34
Мұздай суға түскен 96 күн: Спортшының салауатты өмір салты
Спорт • Бүгін, 13:33