01 Маусым, 2016

Шардарада шегірткеге қарсы шара басталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.06.2016 OQO-3 ШЫМКЕНТ. 1 маусым. Шардара ауданында егін, жайылымды жалындай жалмап бара жатқан шегірткеге қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Бұл туралы еgemen.кz тілшісі хабарлады. Жаушықұм ауылындағы 4600 гектар жайылымдыққа шегіртке түсіп, 3700 гектар жер өңдеуден өтті. Шегірткеге қарсы «Ахиллес» маркалы дәрі шашылып, аумақ 80 пайызға зарарсыздандырылды. Бұл жұмыстарға 1 дельтоплан, 2 дәрі бүріккіш трактор, 1 газогенератор микроавтомашинасы, 3 су таситын автокөлік, 51 иыққа асылатын дәрі бүріккіш техникалары жұмылдырылған. Өсімдік біткенді «ішіп-жеп», жүрген жерінде сабақ қалдырмайтын шегірткеге қарсы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы осындай жұмыстар атқарып жатыр. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz