01 Маусым, 2016

Дәрігерлер пациентке көмек беру орнына өзді-өзі төбелесті (видео)

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

01-06-16-bolnitsa

ОРАЛ. 1 маусым. Батыс Қазақстан облысының Жаңақала аудандық ауруханасында естіген адамды естен тандырарлық оспадар оқиға орын алды. Операция үстелінде пациент қанға бөгіп жатқанда, дәлізде дәрігерлер бір-бірлерімен төбелесіп кетті. Бұл туралы «Надежда» газетінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Басылымның мәліметінше, жамбасынан жарақат алып, қансырап жатқан ауру операция үстеліне жатқызылып, отаға дайындық жасала бастаған кезде коридорда хирирг пен анестезиолог бастаған дәрігерлер өзара әлденеге келісе алмай, бір-бірлерімен төбелесіп кеткен. Олардың жаға ұстасулары сол дәлізде тұрған видеобақылауға түсіп қалған. Ал роликті редакцияға сол кезде өзінің өміріне араша сұрап операция үстелінде қансырап жатқан пациент Радислав Сабырғалиевтің анасы әкеліп берген. Өкініштісі, жігіт сол жерде жантәсілім еткен. Ананың айтуынша, оның ұлы дәрігерлердің өз міндеттерін орындап, жедел көмек көрсету орнына бір-бірлерімен есеп айырысып, жұдырық сілтесіп кетулері салдарынан қайтыс болған. «Мен дәрігерлерді, атап айтқанда, бас дәрігерді, бас дәрігердің орынбасарын, анестезиологты, сол күні кезекшілікте тұрған дәрігер-наркологты жазалауды талап етемін. Олардың бәрі менің ұлыма уақтылы жәрдем көрсетілмегені үшін кінәлі», - дейді қайтыс болған жігіттің анасы Роза Иманғалиева. Бұл қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған. Екі жігіт аудан орталығына жақын маңға балық аулауға барады. Еділсор көліне жақын маңдағы жеке меншік территорияда белгісіз біреу оларға қарап оқ атады. Соның бірі 38 жастағы Радиславтың жамбасына тиеді. Осыдан кейін досы жарақат алған жігітті аудан орталығындағы ауруханаға жеткізеді. Бірақ ол емдеу орнына жеткеннен кейін қайтыс болып кетеді. Содан бергі аралықта марқұмға оқ атқан адам ұсталып, 8 жылға түрмеге кесіледі. Ал медиктер ешқандай жаза алмайды. Радиславтың туған-туыстары оның қазасына өз қызметтеріне салдыр-салақ қараған аудандық аурухана дәрігерлерін кінәлі деп отыр. Темір Құсайын. Дерек, фото, видео: Надежда. https://youtu.be/GoZWTVHDsCE