Кеше Ұлттық мұражай ұжымының ұйымдастыруымен Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай «PERSONA plus» арт-орталығының «Ашық алақан» қайырымдылық көрмесі ашылды.
«Көрмеге арт-орталық студенттерінің ең үздік көркем туындылары қойылып, оларды мұражайға келушілердің сатып алуына мүмкіндік берілді. Барлық түскен қаржы «Балам-Ай» ҚҚ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау орталығына жіберіледі. Жас суретшілердің шығармашылығы көмекке мұқтаж балаларға мейірім мен қамқорлық жасауға бағытталған», дейді шарапатты шараны ұйымдастырушылар.
«PERSONA plus» арт-орталығы 2008 жылы тамыз айында Астана қаласында өнердің даңғыл жолына түсіп, шығармашылық мүмкіндіктерін әрі қарай дамытуды көздейтін суретшілерді өз студиясына біріктіру мақсатымен ашылған. Орталықтағы үйрету бағдарламасы академиялық бейнелеу өнері мектебінің және оқытушылардың авторлық жоспарларының негізінде құрылған. Сонымен қатар, «PERSONA plus» балалар шығармашылығын дәріптеуге бағытталған жобаларға қатысып, әртүрлі көрмелер ұйымдастырады. Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер, дизайн бойынша шеберлік-сыныптарын өткізеді.
Арт-орталықтың студенттері «Балалар бейбітшілікті салады» (Қазақстан, 2009, 2010), «Өз жеріңде» (Минск, 2012), «Коста Брава сұлулығы» (Испания, 2010), «Бұл – менің өмірім» (Жапония, 2011), «Планета балалары дос» (Беларусь, 2013), «Балалар бейбітшілікті салады» (Орталық Азия, 2013-2014), «Нева бояулары» (Санкт-Петербург, 2015) секілді балалар шығармашылығының халықаралық және республикалық байқауларына қатысып, еліміздің абыройын асырып жүргенін мақтанышпен айтуға болады.
Қайырымды қоғамды қалыптастыруда мұндай шаралардың маңызы зор. Сондықтан да, жұрт болып жұмылып, бір адамдай бірігіп, қайырымдылық шарасынан қалыс қалмай, әрбір адам өз үлесін қосса, арқадағы жүктің ауырлығы сезілмейтіні сөзсіз.
Көрменің ашылу салтанатында осындай игі бастаманы жүзеге асыруға қолұшын берген ата-аналар мен демеушілерге мұражай атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Рауан Қайдар,
«Егемен Қазақстан»

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25