Елордадағы Оқушылар сарайында 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күніне әрі «Шалқар» ұлттық радиосының – 50, Қазақ радиосының – 95 және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар арасында ұйымдастырылған «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауының қорытындысы жарияланды.
Бір айдан астам уақыт ішінде Көркемдік кеңестің қарауына 5-12 жас аралығындағы балалардан 50-ге жуық жұмыс келіп түсті. Олардың арасынан қорытынды кезеңге 15 қатысушы іріктеп алынды.
Мерейтойлық шарада өнер көрсеткен танымал әншілер арасында Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Димаш Құдайберген, Айсәуле Бейсенхан және ағайынды Жүгінісовтер бар. Концертте бүлдіршіндер еліміздің эстрада өнерпаздарымен қосылып ән шырқады.
Қорытынды нәтижесінде, байқаудың Бас жүлдесін елордалық үміткер Қабдыл Нұрайым иеленді. Жеңімпазға жүлдені «Әдемі-ай» компаниясының директоры Бахаргүл Төлегенқызы табыстады. І орын халық әні «Халәулімді» орындап, көпшілік ықыласына бөленген Астана қаласының кішкентай тұрғыны Айару Рахатқа бұйырды. ІІ орынды Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған Кәкім Ердібаевтың «Сұр құлын» әнімен елордадағы №54 мектеп-лицейінің оқушысы Айдын Мәдетхан жеңіп алды.
Жеңімпазға марапатты Қазақ радиосы директорының орынбасары – «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген табыс етті. Сондай-ақ, талантты балдырғандар арасынан үш бірдей ІІІ орын иегері анықталды. Олар: астаналық үміткер Айша Ерлан, Эмиль Жанәділов және Батыс Қазақстан облысынан келген Әлішер Сүндетов. Ал ІІІ дәрежелі диплом астаналық Толғанай Есілбайға берілді. Жүлдегерлерге марапатты Қазақ радиосы бағдарламалар бөлімінің басшысы Оңғарбек Құралов, «Шалқар» радиосының бас редакторы Серік Сейітман және «Бақ орда» компаниясының директоры Мәди Манатбек тапсырды.
Байқаудың өзге қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында бүлдіршіндерге арнайы әзірленген тәтті торт үлестірілді. Кешті «Шалқар» радиосының журналистері Мұхтар Тұртайұлы мен Бағдагүл Рахметқызы жүргізді.
Жаймашуақ жаз айымен жарыса келген бұл мереке балғын балалардың қиялына қанат бітіргендей болды.
Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА,
«Егемен Қазақстан»

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25