02 Маусым, 2016

Іскер әйелдерге қошемет зор

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» аясында «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің II конгресі өтті. «Қазақстан – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы кездесуге еліміздің іскер әйелдері мен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты. Нәзікжандылардың кәсіп­кер­лікті дамытудағы рөліне арналған конгресс сессиясын ашқан «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләз­зат Рамазанова бір жыл ішін­де атқарылған жұмыс нәти­же­сімен бөлісті. Оның айтуы бойынша, Іскер әйелдер кеңесі әр өңірді аралай келе, аймақтардағы арулардың күш-жігеріне сеніп, өз бетінше кәсіп ашуына қолғабыс ете отырып, оларға кәсіпкерлік саласында бақ сынауға септесуде. Және де маркетингтік қызмет көрсетіп, қажет мамандықтар жөнінде кеңестер беріліп, бизнес-жос­пар құруға және құжаттар жи­науға көмегін береді, дейді кеңес төрайымы. Сонымен қатар, Ұлт­тық палатаның Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен көптеген бірегей, әлеуметтік және инно­вациялық жобалардың жүзеге асқанын жеткізді. Жиын барысында «Ата­мекен» ҰКП-ның ісіне адалдығы үшін арнайы марапатталған кәсіпкер әйелдер ортаға шақы­рылды. Бұл ретте сөз алған Ұлттық палатаның басқарма төрағасы А.Мырзахметов жиыл­ған қауымды «Атамекен» ҰҚП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың және басқарманың атынан құттықтады. Сонымен қатар, ол бір жыл ішінде Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы жоғары жылдамдықпен жандана түскенін жеткізді. Жиында келесі сөз алған Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен баршаны Ұлттық комиссия аты­нан «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің II конгресінің ашылуымен құттықтай отырып, бүгінгідей іскер әйелдер отырысында нәзікжандылардың жұмысын жандандыруда айтылатын ұсыныстар, ой-пікір­лер елдің серпінді дамуына, ха­лықтың экономикалық-әлеу­меттік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосатынын айтты. Сон­дай-ақ, елімізде үлкен беделді ұйымға айналып отырған «Ата­мекен» ҰКП бастамасымен құ­рылған Іскер әйелдер кеңесінің бір жылдық жұмысына жоғары баға берді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан»