Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева Латвия Саэймі (Парламент) Төрағасының орынбасары Либиня-Эгнеремен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Латвия делегациясы Астанаға «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген болатын.
Кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне айрықша көңіл бөліне отырып, Қазақстан-Латвия қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылды. Тараптар атап өткендей, көпжақты ықпалдастық және халықаралық саясаттағы өзекті мәселелер төңірегінде біздің елдеріміздің ұстанымдары өте ұқсас.
Осы ретте вице-спикерлер біздің елдеріміз мүшесі болып табылатын БҰҰ алаңдары, басқа да халықаралық платформа аясында жан-жақты әріптестік тұрғысынан қолға алынып жатқан шараларға тоқталды. Г.Исімбаева Латвия тарапына Қазақстанның ДСҰ-ға кіру және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық және өту барысында Латвияның белсене қатысатынына сенім білдірді.
Г.Исімбаева мәртебелі мейманды Мәжілістің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, Қазақстан Президентінің бес институттық реформасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қолдау тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Либиня-Эгнере Латвия Саэймі Төрағасының атынан Мәжіліс Спикеріне беру үшін Латвияға ресми сапармен келуге шақыруды табыс етті.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше