Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Халық өкілдері Бүкілқытай жиналысы Ішкі істер және әділет жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Чжао Чжэнюнмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат басшысы «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына қатысқаны үшін жүздесушіге ризашылығын білдірді және бұл шара терроризм қатеріне бірлесе әрекет ету жолдарын ашық талқылау үшін ортақ алаң ұсынғанын атап өтті.
Тараптар, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде парламентаралық байланыстар мәселелерін талқылады. Жүздесушілер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл келешегінің жалпы көрінісі мазмұндалғаны туралы ортақ пікірге келді.
Астанадағы форум аясында Сенат Төрағасы ГФР Бундестагының депутаты Аксель Фишермен, Мысырдың Уақыптар істері жөніндегі министрі Мұхтар Жұмамен және Халықаралық бейбітшілік институтының президенті Терье Род-Ларсенмен де кездесті. Жүздесушілер халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Конференцияға қатысушылар терроризм және экстремизммен күрестегі жаһандық күш-жігерге сындарлы идеялары мен өз үлестерін қосуға әзірлігін білдірген парламентшілер мен әлемнің діни қайраткерлерінің бір алаңға жиналған осы форум тақырыбының маңыздылығын атап өтті.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше