Еуропаның екі дүркін чемпионы атанды
Португалияның Порто қаласында өткізілген ардагер спортшылар арасындағы Еуропа чемпионатында көкшетаулық Борис Нұғмановқа тең келер ешкім табылмады.
Әлемнің 14 мемлекетінен 140 спортшы қатысқан додалы жарыста Борис Нұғманов гір көтеруден қос сайыста екі бірдей алтын медальді жеңіп алды. Тартысты бәсекеде көкшелік ақсақал жұлқи және серпе көтеруде алдына жан салмады.
Биыл өзінің 70 жылдығын атап өткен Борис ағамыз бұған дейін де халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілегенін білеміз. Өне бойы өнегеге толы Б.Нұғмановтың облыстық, республикалық жарыстарда мерей биігінен көрініп жүрген шәкірттері де көптеп саналады.
– Португалиядағы біз қатысқан жарыста гір көтеруші студенттердің VІ әлем чемпионаты қатар өткізілді. Спортшылардың аяқ алысын бақылап отырдым. Байқауымша, біздің студенттеріміз олардан кем түспейтін сияқты. Сондықтан, жастарды спорттың осы түріне баулып, өзім де бұған белсене қатыссам деймін, дейді ардагер ағамыз.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше