Балаларды қорғау күні қарсаңында жекеменшік сот орындаушылардың республикалық палатасы айды аспаннан бір-ақ шығарды. Құзырлы органның соңғы мәліметіне сүйенсек, отбасымен ажырасқан 223 мың 660 қазақстандықтың 70 пайызы өздерінің туған балаларына алимент төлемейді екен. Ісіне сот араласқан 62 мыңнан астам әкелер ғана бұл іске «өз еркімен атсалысады», дейді. Қалғандары жаппай жалтарып, қашып жүр!..
Осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласының сот орындаушылары алиментші әкелердің соңынан шам алып түскені есімізде. «Қашқындарға» сонда, тіпті, жол үстінде құрық та тасталды. Олардың автокөлігін тұсап, айып тұрақтарына тоғытқан да сол кез. Науқан қызып, оқиға барысында алименті мен айып алаңында тұрған күндері үшін ақшасын төлегендер көліктерін қайтарып алып жатты. Алматыдағы қымбат көлігі мен жылжымайтын мүлігі бар, табысы таудай алпауыт «қашқын әкелердің» бір тобына ғана осылайша ауыздық салынған.
Бұлардың арасында алимент төлейін десе істейтін жұмыстың жоқтығы қолдарын байлап жүрген «жомарт жандар» да жоқ емес. Оның да оңтайлы жолы табылды. Енді бұдан былай оларға мемлекеттік алименттік қор қолұшын береді. Қазір Қазақстан Парламентінің биік мінберінен қордың таяу мерзімде құрылатыны туралы оң мәселе көтеріліп те қойылды. Жаңа қор жалқау әкелерді бала-шағасы үшін күштеп болса да жұмысқа жегеді.
Айтпақшы, бұл арада еліміздің Бас прокуратурасының интернет арқылы сервис желісін ашып қойғанын да ұмытпайық. Ондағы ғаламтордың «қара тізіміне» жауапсыз әкелермен бірге аналардың да суреттері ілінеді. Өкінішке қарай, елімізде алиментші аналар да баршылық екен!
Демек, алиментші... қашпа, бәрібір құтыла алмайсың!
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше