Екі жігіт сахнаға шықты да, алдымен ұстараның жүзін көрермендерге ұстатып, қағаз тіліп көрсетті. Сонан кейін оның бірнешеуін шықырлатып жеп қойды, артынан аузына жіп салып жіберіп, әлгілерді тізіп шығарды. Бұл көрініс неше рет көрсе де, көрерменнің денесін тітіркендіреді, таңғалдырады. Осындай түрлі көріністермен бір сәтте көптің көңілін алуан түрлі құбылтатын сиқыршылар Төрехан Жұманов пен Асан Тайыралиевтің есімдерін қазір Қостанай жұртшылығы жақсы біліп қалды.
Жап-жас балалардың осы өнермен айналыса бастағанына бес жылдай уақыт болды. Бүгінде Төреханның жасы 21-де болса, Асан 16-ға енді толды. Жастығына қарамастан, олар Алматы, Астана қалалары мен Ресей сахналарында өнер көрсетіп үлгерді. Сиқыр әлемінің жұлдызы саналатын ағайынды Сафроновтармен, комедиялық актриса Марина Федункивпен бір сахнада өнер көрсетті. Ең қызығы, сиқыршылықты екі жасқа ешкім үйреткен жоқ, олар түрлі әдебиеттен, интернеттен өздері ізденіп, меңгерген.
– Біз атақты сиқыршылар бас қосқан жиындарға барып тұрамыз. Олармен бірге сахнаға шығамыз. Негізінен, сиқыршылықтың сырын ашатын әдебиеттерден үйреніп, өзіміз жаттықтық. Сиқыршылық түр-түрге бөлінеді. Біз соның әр түріне машықтанып келеміз, – дейді Асан Тайыралиев.
Қос жігіт сиқыршылық өнерді өмір, тұрмыс салтына айналдырыпты. Бірақ өздері басқа мамандық алғысы келеді. Асан Қостанай экономикалық колледжінде оқиды, Төрехан колледж бітіріп, жұмыс істейді.
Сиқыршылық – бізде аса дамып кетпеген өнер. Қостанай өңірінде осы кезге дейін бұл өнермен сахнаға шыққан ешкім бола қойған жоқ. Бұл өнер ұзақ жаттығуды, еңбекті қажет етеді. Сиқыршылар алдағы уақытта шеберлігін дамытып, үлкен сахналарға шығуды мақсат тұтып жүр. Олар бос уақыттарында ізденістен жалықпайды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 20:28
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Елорда • Бүгін, 19:48
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 19:39
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Спорт • Бүгін, 18:33
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Бүгін, 17:47
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Бүгін, 17:37
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Мектеп • Бүгін, 17:26
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:03
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 16:55
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 16:24
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:55
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:45