АСТАНА. 2 маусым. Тәжікстан астанасы – Душанбе қалалық және астаналық аудандар халық депутаттары мәжілісінің сессиясы жексенбі күні Тәжікстан президенті аппаратының атқарушы жетекшісі, мемлекет басшысының қызы Озода Рахмонды елдің жоғарғы палатасының мүшесі етіп сайлады. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Президент Эмомали Рахмон қызының кандидатурасы Душанбе қаласы халық депутаттары мәжілісінің 14 сәуір күні өткен кезекті сессиясында ұсынылған болатын. Оған дейін, екі палаталы парламент пайда болған 2000 жылдан бері президент аппаратының бұрынғы жетекшілері Матлухбон Давлатов мен Бахтиер Худоерзода кезінде осылайша сенатор болып сайланған еді.
Заң ғылымдарының 38 жастағы кандидаты Озода Рахмон биылғы жылғы қаңтар айында президент аппаратының атқарушы жетекшісі болып тағайындалған. Бұған дейін ол Тәжікстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып келді.
Елдегі парламенттің жоғарғы палатасы 33 мүшеден құралса, солардың 25-і Таулы Бадахшан, Согды және Хатлон облыстары, республикалық бағыныстағы аудандар мен Душанбе қаласы депутаттарының сессияларында дауыс беру жолымен сайланады. Ал жоғарғы палатаның сегіз мүшесі тікелей президенттің жарлығымен тағайындалады.
Рахмон Озода Эмомали 1978 жылғы 3 қаңтарда туған. Заң ғылымдарының кандидаты. Төтенше және уәкілетті дипломатиялық рангісі бар. Еңбек жолын Душанбедегі Тәжік ұлттық универстетін бітіргеннен кейін 2000 жылы бастаған. 2004-2006 жылдары АҚШ-тың Джорджтаун және Мэриленд университеттерін бітірген. 2005 жылдан елшілік қызметте болған.
Тәжік, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Тұрмыс құрған, 5 баласы бар.
Талғат Райымбек.
Дерек: ras.kz.
Фото: 7news.kz.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше