02 Маусым, 2016

Жас таланттар көрмесі

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ASN_1256Елордадағы Тұңғыш Президент музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Шығармашылық шексіздігі» көрмесі ашылды. Сонымен қатар, шеберлік-сағаттары және «ВІ Жұлдызай» қорының мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының ХІ республикалық фестивалінің «Бейнелеу өнері» және «Сәндік қолданбалы өнер» аталымдары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Мерекелік бағдарлама музей­дің «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры, Балалар көркемөнер мек­тебі – ЮНЕСКО клубы және Қа­зақ­­станның Ұлттық олимпиа­да комитетімен бірлесіп ұйым­дас­тырған болатын. Көрменің ашылу салтана­тында аталған музей ди­­ректоры Алма Сағынғали, «BI Жұл­­­дызай» корпоративтік қоры ди­рек­торының орынбасары Алтынай Тә­ңірбергенова, Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының директоры Гүлзия Исенова, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің өкілі Жігер Әзбергенов сөз сөйлеп, игі шараның мақсат-мүддесіне аз-кем тоқталып, бүлдіршіндерге сәтті қадам тіледі. «ВІ Жұлдызай» қорының балалар шығармашылығының республикалық фестивалі Қазақстанның барлық аймағынан жиналған балалардың басын қосты. 11 жыл ішінде фести­вальге 35 583 бала қатысқан екен. Фестиваль түлектері Bala Tukvisyon конкурсына, Белая Трость фестиваліне, МУЗ-ТВ 2015 премиясына қатысуға және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті атану мүмкіндігіне ие болды. Фестиваль Білім және ғылым  министрлігінің және облыстық, қалалық мәдениет басқармаларының қолдауымен жыл сайын өткізіліп келеді. Респуб­ли­калық фестивальдің алғашқы ірік­теу кезеңі сәуірдің 5-сі мен 20-сы аралығында еліміздің 16 қала­сында өткізілді. Қазылар алқасы қатысушылардың таланттарын 6 номинация бойынша бағалады: «хореография», «вокалдық орындау», «аспапты орындау», «өлеңді ымдап орындау», «сәндік-қолданбалы өнер», «бейнелеу өнері». Балалар шығармашылығына ар­налған республикалық конкурс дәс­түрлі түрде 1 маусым – Халық­ара­лық балаларды қорғау күнінде «Қазақ­стан» Орталық концерт залын­да жалғасқан гала-концертпен аяқталды. Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА