ҚАРАҒАНДЫ. 2 маусым. Жезқазған қаласындағы қазақ-түрік лицей- интернатының 11-сынып оқушысы Сұлтан Айтжан АҚШ-тағы әйгілі Yale университетінің грантына ие болды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дарынды оқушы биыл Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада алтын медальді жеңіп алған болатын. Жақында ол әлемдегі ең үздік 15 жоғары оқу орындарының бірінен саналатын Сингапур университеті мен АҚШ-тың Yale университеті бірігіп ашқан жаңа YaleNUS College оқу орны ұйымдастырған ағылшын тілі сынағынан сәтті өтіп, аталған оқу орнының грантына ие болды. Жезқазғандық жасөспірім «Алтын белгі» төс белгісіне үміткерлердің қатарында. Қазіргі таңда ол «Алтын белгіні» ақтап шығу үшін қызу дайындалып жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше