02 Маусым, 2016

Астанада «KADEX-2016» көрмесі ашылды (фото)

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 2 маусым. Бүгін Астанада төртінші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылды.  Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Таңсәріден бастап Қарулы Күштердің авиациялық базасының 8 павильонында отандық және шетелдік өндірушілердің қару-жарағын, әскери және авиациялық техникасын көрсету басталды. Биылғы жылы көрме секцияларының саны 7-ге дейін кеңейтілді. Онда авиациялық техника, ҰҰА және ғарыштық технологиялар, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техника, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздері бар. Алғаш рет «KADEX-2016» көрмесінде «Арлан» броньдалған доңғалақты машиналар мен «Барыс» броньды транспортеры ұсынылды.  Қазақстанда мұндай әскери техниканың баламасы жоқ. Оны Қарулы Күштер үшін отандық кәсіпорындар шығарады. «KADEX-2016» көрмесі 5 маусымына дейін жалғасады.  4 - 5 маусым күндері көрмені тегін тамашалауға болады. Осы күндері астаналықтар мен қала қонақтары авиациялық және басқа да әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндіктерін тамашалай алады. Көрмеге №10, 12, 100 автобустармен баруға болады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????