02 Маусым, 2016

Әлемдегі ең ұзын темір жол туннелі пайдалануға берілді

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-06-2016 train tonnel АСТАНА. 2 маусым. Швейцарияда әлемдегі ең ұзын темір жол туннелі пайдалануға берілді. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Темір жол Альпі тауындағы Сен-Готард асуының астынан салынған. Жерасты жолының ұзындығы 57 шақырымды құрайды. Мәліметтер бойынша, туннельдің құрылысы 20 жыл бұрын басталған екен. Осыған сәйкес, 12 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсалған. Жолаушылар пойызы бұл жерде сағатына 250 шақырым, ал жүк пойыздары 160 шақырым жылдамдықпен жүріп өте алады. Швейцария билігі оның іске қосылуы Еуропадағы тауар тасымалының едәуір жеңілдеуіне әрі ел тұрғындарының қалааралық жолдарға кететін уақыты да қысқаратынын мәлімдеді. Айта кетейік, осыған дейін әлемдегі ең ұзын темір жол туннелі Жапонияда болатын. Күншығыс еліндегі жерасты жолының ұзындығы – 53 шақырым. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.