02 Маусым, 2016

Ақмола облысында 78-дегі қария 58-дегі әйелге үйленді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-06-16-svadba

КӨКШЕТАУ. 2 маусым. Ақмола облысында тұратын 78 жастағы қария өзінің 58 жастағы сүйікті әйелімен бас қосты. Бұл туралы «Экспресс К» газетінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ақмола облысында 78 жастағы атай 58 жастағы сүйіктісіне үйленді. Күйеу жігіт дәстүрге сай той өткізді», - деп жазады басылым. Облыстық әділет департаментінің мәліметіне қарағанда, Ақмола өңірінде 2016 жылдың алғашқы төрт айында 1 450 жұп бір-бірлерімен тағдырларын қосқан. Олардың 87-сі шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан. Шаңырақ құрған жігіттердің орта жасы 30 болса, қыздар 28 шамасында. «Үйленгендер арасындағы ең жасы 17-ге енді толса, тұрмыс құрғандар қатарында 16-дағы жасөспірім қыз бар. Ең жасы үлкен ер кісі 78-де болса, әйел 73-те», - деді әділет департаментінің бөлім жетекшісі Бота Сейфуллина. Ендігі бір қуанышты жағдай, облыста демографиялық дүмпу бар! Осы есепті кезеңде 4 926 бөбек туылған. Өткен жылдың осы уағымен салыстырғанда, бұл – 296 бүлдіршінге артық. Сол сияқты ажырасушылар қатары едәуір азайған. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Экспресс К.