Туризм – дұрыс ұйымдастыра білсе жылдың төрт мезгілінде де суалмайтын сүтті сауын сиыр. Жері астында қара бақыр қазба байлығы жоқ көптеген мемлекеттер дәл осы туризмнен күреп пайдаға шығып отыр. Ал, Қазақстанда халықаралық туризмді дамытудың алғышарттары көп. Шетелден келетін саяхатшылар тек ежелгі тарихи ескерткіштер, көне сәулет орнын тамашалаумен қатар, әсем табиғат аясында рахаттанып демалуды да ойлайды.
Түлкібас ауданы Машат шатқалынан ашылған «Ақ шатыр» демалыс аймағы ең талғампаз саяхатшылардың көңілінен шығады. Екі жотаның ортасындағы Машат шатқалын жұмақ мекен десеңіз де болады. Көктемнен қоңыр күзге дейін көк көйлегін үстінен шешпейтін Машаттың қақ ортасын жарып арынды тау өзені ағып жатыр. Шымкенттің шіліңгір ыстығы шекеңізді тессе, Машаттың мұздан жаңа ерітіп алғандай суы аяғыңызды малсаңыз бойыңыздан тоқ қуатын өткізгендей болады. Ауасы кәусар, сап-салқын, сұлулығына масаттанған табиғат. Ашылу салтанатына қатыстық. Биік жотаға «Ақ шатыр» демалыс аймағы деген жазу қараңғылық қымтағанда кереметтей көз тартады. Аумағы үш гектарға созылып жатқан демалыс орнына саяхатшылардан бөлек қала, аудан тұрғындары, облысқа келген қонақтарға барша жағдай жасалған.
Көздің жасындай мөлтілдеп жатқан бассейн, қарағайдан қиылған ірілі-шағын коттедж, су жағасындағы тапшандар демалысыңызды жақсы өткізуіңізге дайын.
– Осы «Ақ шатырды» соғуға қыруар инвестиция тартылған. Қазір мұнда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда ең үлкен жоба әрі үлкен демалыс орындарының бірі. Бұл жерде 800-ге тарта демалушы бір мезетте тыныға алады. Оның үлесі экономиканың дамуына, салықтың түсуіне себеп болады, – дейді «Оңтүстік» туристік ақпараттық орталығының басшысы Жасұлан Төлебеков.
Әдетте, жұрт Швейцария десе аузының суы құриды. Ал, Қазақстан туризмінің бір бұтағы «Ақ шатыр» демалыс аймағы әлемдегі мақтаулы табиғат орындарынан еш кем түспейді. Өзіміздікі іргеде тұрғанда басқаның таңсығы мен қаңсығы неге керек?
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Әуе отынының импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28