БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның энергетика бойынша Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға қосқан үлесі туралы жоғары деңгейдегі іс-шара өткізілді.
Оның шеңберінде Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін таныстыру рәсімі болды. Шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті, ең нашар дамыған елдер, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы елдер бойынша БҰҰ Бас хатшысының орынбасарының офисі қатысты.
Кездесудің табысты өтуіне «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы, Назарбаев Университет және G-Global халықаралық хатшылығы өз үлесін қосты.
Іс-шараға қатысушылар – БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдіктердің елшілері мен сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және іскерлік топтардың өкілдері 2030 жылға қарай энергияға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның, ұлттық үкіметтердің, бизнестің, азаматтық қоғам мен басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіру бойынша пікір алмасты.
Іс-шара барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Гьян Чандра Ачария, БҰҰ Бас хатшысының Экономикалық даму бойынша көмекшісі Ленни Монтиель, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – барша үшін тұрақты энергетика бастамасының жетекшісі Рейчел Кайт, Назарбаев Университеттің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин, G-Global басшысының орынбасары Мұрат Қарымсақов, үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық және іскерлік топтардың өкілдері сөз сөйледі.
ЭКСПО-2017 өкілі Руслан Жемков көрмеге дайындық барысы және салынған объектілерді көрмеден кейінгі пайдалану туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, оның тұсаукесерін жасады. Қатысушылар энергия тиімділігін арттыру, баламалы энергия көздерін дамыту және қазіргі заманғы энергия көздерінің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық саясатпен таныстырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталық құру бастамасына қатысты ақпарат берілді.
Соңынан өткен талқылау барысында іс-шараға қатысушылар «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізу Қазақстанның энергетика саласындағы жаһандық мақсаттарға жетуге қосатын нақты үлесі болып табылатынын атап өтті.

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50