- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2016 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
30 мамырдағы №304 қаулысына қосымша
2016 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлердің саныР/с № | Әскери-есептік мамандық | Саны |
Офицер | ||
1. | Әскери-медициналық қызмет | 50 |
2. | Артиллерия | 80 |
3. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі | 40 |
БАРЛЫҒЫ | 170 |