Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның ТМЫК-мен өзара әрекеттестік мәселелері, ағымдағы жылдың күзінде Қырғызстанда өтетін Ұйымға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық жайы талқыланды.
Р.Гасанов Түркі кеңесінің жыл басынан бастап жасаған жұмысы мен таяу арадағы уақытқа арналған жоспарлары туралы айтып берді. Ол Астанаға ТМЫК-ге мүше-мемлекеттердің жас дипломаттарына арналған бірлескен курстардың 3-ші бағдарламасының тындаушыларына сертификаттар беру салтанатына қатысу үшін келгенін айтты. «Аталған бағдарлама ынтымақтастықты дамытуға және ТМЫК-ге мүше-мемлекеттер сыртқы саясат ведомстволарын жақындастыруға бағытталған, сондай-ақ, мемлекеттер басшыларының уағдаластықтарын іске асырудағы тәжірибелік қадам болып табылады», – деді Р.Гасанов.
Өз кезегінде, Е.Ыдырысов ТМЫК Хатшылығының ұйымның алдағы саммитіне дайындығына қатысты және Түркі кеңесі елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелерін үйлестіру ісіндегі жалпы қызметін жоғары бағалады.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі немесе Түркі кеңесі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылғы қазан айында құрылған халықаралық ұйым. ТМЫК мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады. Ұйым хатшылығы Ыстанбұл қаласында орналасқан.
«Егемен-ақпарат»

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50