Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» мерекелік кеші өтті. Халықаралық музейлер күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен шара аясында «Ақ шәйнек, сары самаурын, тұрса қайнап...» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге ХІХ-ХХ ғасырларға жататын пішіні домалақ, қадақша, кубок, цилиндр тәрізді жиырмадан астам самаурын түрлері қойылды. Олардың музей қорындағы үлгілері сирек кездесетіндігімен ерекшеленеді. Кей самаурынның сырты түрлі нақыштармен бедерленген. Бірақ бұйымды шығарған зауыттың бірқатар байқаулар жүлдегері екенін білдіретін белгілердің кейбірі самаурынның ескіруінен анық көрінбейді.
Музей қызметкерлерінің айтуынша, қазақ тұрмысына, сондай-ақ, жайма табақ, кесе, шай қасық сияқты ыдыс түрлері де дендеп енген. Ресейде самаурын жасау ісі XVIII ғасырда жақсы дамыған. 1850 жылдары Тула қаласында ғана осы салада 28 фабрика жұмыс істеген екен. Ал аталған бұйым қазақ жеріне XІХ ғасырдан бастап келе бастады.
– Ата-бабаларымыз самаурынды молшылықтың белгісі санаған. Бір қызығы, темір табыла бермейтіндіктен, ыдыс неғұрлым ауыр болса, соғұрлым қымбат бағаланған. XVIII-ХІХ ғасырларда шүмек орнатылған самаурын өндірілген. Біз білетін қазіргі самаурындар кезең-кезеңімен жетілдіріліп отырған. Қазақ елі оның отынмен қайнатылатын түрін кеңінен пайдаланды. Музей қорында атадан балаға мұра болып келе жатқан көне жәдігерлер, ұлттық бұйымдар молынан сақталған, – дейді музейдің жоғары дәрежелі маманы Гүлнұр Төртенова.
Көрме барысында музей ауласында сары самаурынға от жағылып, меймандарға ыстық шай берілді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
СЕМЕЙ

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50