04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №181

295 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 2 наурыз, Астана қаласы Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты  беру нысанын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабының 9-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру ету нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е. ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________Т. Дүйсенова 2015 жылғы 2 сәуір Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №181 бұйрығымен бекітілген нысан Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат 20 ___ жылғы_________________үшін р/с № Аудит жүргізілетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) Санитариялық-эпидемио-логиялық аудиттi жүргiзу негiздемесі (өтініш және шарт) Жиналған ақпарат тiзбесi және оған шолу (мысалы, санитариялық-эпидемиологиялық қарап-тексеру актілері, сырқаттанушылық туралы деректер, сынақтар, өлшеулер хаттамалары және басқалары) Аудит жүргізілетін субъектiнi тексерудің, арнайы зерттеулердің, оның қызметкерле-рiне сауалнама жүргізудің нәтижелері Объектінің санита-риялық-эпидемио-логиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар тізбесі Аудит жүргізілетін субъектiнiң эпидемиялық маңыздылығы жөніндегі тұжырым, тәуекел тобын айқындау, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілікті жүргiзудiң дұрыстығы туралы мәліметтер 1 2 3 4 5 6 7 ______________________________________________ ____________________ (Басшының тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) аты) (қолы) ______________________________________________ ____________________ (Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, (қолы) әкесінің (болған жағдайда) аты) Жасалған күні 20 жылғы « » Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына тапсырады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10866 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар