04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №310

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 31 мамыр, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы «Қазақстан Респуб­лика­сындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жыл­ғы 21 шілдедегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының За­ңы 4-бабының 2-1) тармақ­ша­сына сәйкес Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі қау­лы етеді:
  1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөнін­дегі ұлттық агенттігі» акцио­нерлік қоғамы Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы арнайы эконо­ми­калық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болып айқындалсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн­тіз­белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ