04 Маусым, 2016

Үлесі үшін алғыс

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
сыртқы істер министріҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Эсенгул Омуралиевті қабылдады. Министр қырғыз дипло­матын Қазақстанда атқар­ған қызметі барысында бауыр­лас елдер арасын­дағы мем­лекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Тараптар интеграциялық үде­рістердің шеңберінде Қа­зақстан мен Қырғызстан алдында жаңа жә­не айтарлықтай ауқымды мүм­кіндіктер ашылып отырғаны туралы айтты. Э.Омуралиев сыртқы сая­сат ведомствосына оның Қазақстанда атқарған қызметі барысында көр­сеткен кө­мегі мен қолдауы үшін риза­шы­лығын білдірді. Кездесу жылы, достық рәуіш­те өтті. «Егемен-ақпарат»