04 Маусым, 2016

Елшімен екіжақты әңгіме

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
сыртқы істер министріҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Израильдің Қазақстандағы елшісі Михаэль Бродскиді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да салаларында қатынастардың даму келешегін талқылады. Е.Ыдырысов екі ел ара­сындағы сауда-экономикалық әріп­тестікті дамытудың маңыз­дылығын атай отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытуды ұсынды. Осы орайда, сыртқы саясат ведомствосының басшысы «Үшқоңыр» білім тарату орталығының негізінде 2015 жылғы мамырда Алматы облысында құрылған тамшылатып суару технологиясын көрсететін демонстрациялық алаң осы саладағы табысты ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылатынын атап өтті. Тамшылатып суару технологиясын дамытуда халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша израильдік «МАШАВ» агенттігі мен «Каз­агро­инновация» АҚ арасын­дағы бірлескен жобаның тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Орталық Азияның басқа да елдерінің аграрлық қызметкерлері үшін маңызды нысана болуы мүмкін. М.Бродски Израильдің инно­­ва­циялық жетістіктері Астана­да өтетін ЭКСПО-2017 ха­лық­ара­лық маман­дан­ды­рылған көрме­сін­де кеңінен ұсыны­латынын атады. Сыртқы саясат ведомство­сының басшысы екі елдің азаматтары үшін визаның күшін жою туралы екіжақты келісімді қабылдауға Қазақстанның дайын екенін айтты және осындай келісім сауда, инновация мен туризм салаларында ынтымақтастықты дамытуға серпін беретінін атап көрсетті. «Егемен-ақпарат»