Бас прокуратурада Балаларды қорғау күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің әлемім – Я рисую мир» атты асфальтқа сурет салудан балалар байқауы өтті.
Байқау Астана қаласында орналасқан прокуратура органдары қызметкерлерінің 12 жасқа дейінгі балалары үшін ұйымдастырылды. Елорданың жас тұрғындарын Бас Прокурор Жақып Асанов құттықтады. Ол атап өткендей, осы байқау ел Тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының 25 жылдығына орай Бас прокуратура жариялаған «Тәуелсіз елдің ертеңі» – «Будущее независимой страны» деген жалпы тақырыппен прокуратура органдары қызметкерлерінің балаларын қатыстыра отырып өткізу жоспарланған 25 іс-шараның алғашқысы болып отыр.
Іс-шараларды жазғы демалыс кезінде апта сайын өткізу жоспарланыпты. Әртүрлі тақырыптық, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық, әдеби, музыкалық және өзге де балалар байқауларын ұйымдастыру көзделген. Балалар мерекелік көңіл-күйде патриоттық тақырыптарға асфальтқа сурет салды, флеш-моб билеп, шар ұшырды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға грамоталар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Егемен-ақпарат»

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Кеше