Мемлекеттік рәміздер күніне орай Талдықорғанда Мемлекеттік ту ерекше тұғырға орнатылып, 92 метр биіктікте желбіреді. Бұл өлшемнің мағынасы сол, 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданғандықтан, Көк байрақтың биіктігі 92 метрге көтеріліп тұр. Ал тудың ұзындығы – 25 метр, ені – 12,5 метр.
Салтанатты жиынды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Елбасының «Біз Тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы тиіс», – деген сөзімен ашып, Көк байрақты Талдықорған төрінде желбіретті.
Сонымен Алматы, Астана қалаларындағыдай алып тұғырлы Ту Талдықорған төрінде де көтеріліп, жетісулықтар мерейін тасытты. Күн санап сәні кіріп, салтанаты тасыған Жетісудың кіндік қаласының кіреберісінде желбіреген Ту жарыса бой көтерген он - он екі қабатты ғимараттардан еңсесі әлденеше есе асып тұрғаны көрген жанды сүйсінтіп, атына заты сай екендігін айқын аңғартады.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
ТАЛДЫҚОРҒАН

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10