04 Маусым, 2016

Жазасын өтеушілер

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
турмеҚызылордада жұмыспен қамтыла бастады Бұрындары «сотталған» деген сөзді естісек, ол адам жұмысқа жарамсыз немесе мүгедек тәрізді көрінетін. Неге екенін қайдам, абақтының арғы жағынан орал­ғандарды қоғам шеттетіп, адам теріс айналатын дәрежеде болды. Ал қазір ше? Қазір жазасын өтеушілерге мемлекет қамқорлық таныта бас­тады. Сонымен қатар, олар түзету мекемелерінде жүріп-ақ жұмыспен қамтылып, жалақы алып, еңбекке тартыла бастады. Тіпті, жұмыспен қамту орталықтары сотталып кел­гендердің өзін жұмысқа орналас­тыру мәселесін шешіп беруде. Таяуда Қызылорда облыстық прокуратурасы «Түзеу мекеме­леріндегілерді жұмыспен қамту-2017» жобасы негізінде нақ­ты ша­ралар қабылдады. Осының нәтижесінде ЗК-169/4 қоныс-колониясында бас бостандығынан айырылғандар еңбекке тартылды. Нақтырақ айтқанда, 25 сотталушы кірпіш шығаратын зауытқа орналастырылды. Ең бастысы, бұл азаматтардың тәртібі мен түзелу жолына түсуі ескеріліп, оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жеңіл жазаға ауыстыру жағы қарастырылды. Бүгінде сотталғандарды жұ­мыс­пен толық қамтудың нәти­жесінде мемлекет қазынасына 2 755 200 теңге қаржы түскен. Айта кетейік, Сыр өңіріндегі өзге де түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту жыл соңына дейін 75 пайызға жететін болады. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»