АСТАНА. 6 маусым. АҚШ-та футболдан Америка Кубогы турнирінің кезекті матчтары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
5-6 маусымда А, В және С тобындағы командалар алғашқы кездесулерін өткізді. Турнирдің беташар матчында А тобында Колумбия құрамасы АҚШ командасын 2:0 есебімен жеңгеннен кейін, кеше осы топтағы Коста-Рика мен Парагвайдың ұлттық құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты. Сол күні В тобындағы командалар да бір-бірімен кездесті. Бразилия мен Эквадор 0:0 есебімен тең ойнаса, Перу-Гаити арасындағы матч 1:0 есебімен аяқталды.
Бүгін С тобындағы жасақтар алаңға шықты. Мексика Уругвай елінің ойыншыларын 3:1 есебімен жеңді. Ал Венесуэла Ямайканы 1:0 есебімен ұтты.
Ертең D тобындағы құрамалар кездеседі. Панама Боливиямен, Аргентина Чилимен ойнайды.
Биылғы Америка Кубогына бірнеше елдің командалары үмітті. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Америка құрлығынан қатысып жатқан Мексика құрамасы да бар. Оңтүстік Америкадан Аргентина, Бразилия, Уругвай, Колумбия мен былтырғы Кубоктың иегері Чилиді бас жүлдеден үмітті десек, Перу мен Парагвай елдерінің тағы да жүлде алуға мүмкіндігі бар. Былтыр Перу қола жүлдені, Парагвай төртінші орын алған. Сол сияқты Боливия мен Венесуэла, кеше Бразилиямен тең ойнаған Эквадор оңай шағылатын жаңғақ емес. Бұл командалар намысқа тырысса, Копа Америкада кез-келген елмен иық түйістіріп ойнай алады. Ал Аргентина, Бразилия, Уругвай, Колумбия мен Чили туралы әңгіме басқа. Осы жасақтардың құрамында Еуропаның атақты клубтарында атой салып жүрген ойыншылар жеткілікті.
Биылғы сынға Аргентина құрамында Лионель Месси, Серхио Агуэро, Анхель ди Мария, Хавьер Пасторе, Гонсало Игуаин, Эрик Ламела, Хавьер Маскерано, Колумбияда Хамес Родригес, Хуан Куадрадо, Карлос Бакка, Уругвайда Диего Годин, Луис Суарес, Эдинсон Кавани, Чилиде Алексис Санчес, Артуро Видаль қатысады. Сонымен бірге жанкүйерлер Эквадор құрамындағы Кристиан Нобоа мен Мексика жасағындағы Хавьер Эрнандестің ойынын тамашалай алды. Биылғы додаға бразилиялық Неймар қатыспайды. Ол Олимпиадаға дайындалып жатыр. Дегенмен оған қарап жатқан «Пентакампеоне» құрамасы жоқ. Бразилияда Халк, Филиппе Коутиньо, Каземиро, Виллиан, Дуглас Коста, Дани Алвес сияқты допты ұршыққа иіретін көкмайса алаңның «көкжалдары» өз елінің командасын төрден ғана көргісі келетіндері сөзсіз.
Дастан Кенжалин.
Дерек: egemen.kz
Фото: championat.com
Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.
• 06 Маусым, 2016
АҚШ-та футболдан Америка Кубогы үшін жарыс өтіп жатыр

Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26