06 Маусым, 2016

Әйгілі драматург Питер Шеффер қайтыс болды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-06-2016 dramaturg АСТАНА. 6 маусым. Ұлыбританияда әйгілі драматург Питер Шеффер 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ол 15 мамыр күні достарының ортасында 90 жасқа толған мерейтойын тойлағанына қуанышты еді. Оның бұл өмірде жоқ екеніне сене алар емеспін», – дейді драматургтың агенті Руперт Лорд. Питер Шеффер 1926 жылы Ливерпуль қаласында туған. Кембридждің Тринити-колледжінде білім алған. Ол 1954 жылы алғашқы «Тұзды жер» атты пьесасын жазған. Ал «Амадей» (Amadeus) пьесасы арқылы оның атағы әлемге таныла бастады. 1984 жылы осы туындының желісінде фильм түсірілді әрі осыған байланысты «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарын жеңіп алған. Сонымен қатар, ол 1958 жылы жазған «Бес саусаққа арналған жаттығу» (Five Finger Exercise), 1973 жылы жазған «Эквус» (Equus) сынды шығармалары арқылы да үлкен жетістіктерге жеткен. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.
Соңғы жаңалықтар