Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ, Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ, Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімінің 11 маусымға дейін ұзартылғанын хабарлады.
Президенттің 2016 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2016 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды.
Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Әрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы.
Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің және Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін өзі ұсынуына жол берілмейді.
Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ, атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама;
- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
- жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар;
- негізгі жарияланымдарының тізімі және (немесе) олардың көшірмелері.
Алғыс жариялауға шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады;
Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2015 жылғы 1 маусым мен 2016 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды.
Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады.
Мемлекет басшысының сыйлықтарын, гранттарын алуға және Алғысын жариялауға ұсынымдарды Қоғамдық комиссияның төрайымы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың атына төмендегі мекенжай бойынша жолдау қажет: 010000, Астана, Сол жағалау, «Ақорда» Резиденциясы.

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38