Бұрнағы жылы ҰБТ кезінде бүкіл республика бойынша күпті көңілдерді бірінші болып қуантқан Алматы қаласындағы мемлекеттік тілде физика-математика пәндерін тереңдете оқытатын №178 лицей болатын. Алғашқы болып 125 баллды аталмыш лицейдің түлегі Әбдіжапар Айғаным жинаған еді. Сол 2014 жылы бұл мектептің төрт бірдей түлегі 125 балл жинап, білім жағынан жұлдыздары жанған-ды.
Ұдайы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген Алматыдағы маңдайалды білім ордаларының бірі биыл да табыссыз емес. Үстіміздегі жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 баллды лицейдің 11 «ә» сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері Түгелбай Фариза Абайқызы жинады.
Құрмет орденінің иегері, республикамызға танымал математик Өтеш Қоңырбайұлы Әбдімажит басшылық ететін бұл мектепте биылғы оқу жылы 131 оқушы ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 34 оқушы алтын белгі қорғады, 21-і үздік аттестат иегері атанып, мектептің орта балы 110,9 болды. 5 оқушысы халықаралық ғылыми конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері, 8 оқушы шетелдік оқу орындары білім гранттарының иегері. Өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған бұл лицей – бүгінгі күннің заманауи талаптарына сай білім ошағының бірі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38