07 Маусым, 2016

Арамза топтың ойыны осылды

418 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
hqdefault Айдар Абуов Айдар ӘБУОВ, Мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі: – Құқық орган­дарының хабарлары бойынша мем­лекетімізде қыл­мыстық топ әре­кет еткені, ол қыл­мыс­тық топтың басында белгілі кәсіпкер Төлешевтің бол­ғаны бәрімізді таң қалдырды. Көп жыл­дардан бері бір жа­ғынан белгілі кәсіпкер бола тұра, мемлекетке қарсы жасап келген қаскөй іс-әрекеттері, әрине, құқық қорғау органдарынан өзінің тиісті жауабын табады деп ойлаймын. Біз азамат ретінде еліміздің тыныштығын қалаймыз.

Айгул Садуакасова

Айгүл СӘДУАҚАСОВА, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі: – Өкінішке орай, арамза ниетті қыл­мыстық іске тікелей құқық қорғау органдарында бұрын болса да қызмет ет­кен адамдардың қатысы болған. Бі­лімді, тәжірибелі адамдар өздерінің қол ұштарын да ти­гізген. Бұл, әрине, қазіргі таңда барлық құқық қорғау органдарына, жалпы мемлекеттік билікке деген халық сенімін төмендетуге бағытталған іс-әрекет деп бағалауға болады. Ресми өкілдер осы билік парқын кетіру үшін, тыныштықты бұзу үшін әрекет жасаған Төлешев мырзаға бүгін айып тағып отыр. Әрине, ол, өкінішке орай, Қазақстан Республикасының азаматы. Сонымен қатар, әділ сот та, мемлекеттік органдар да халыққа барлық ақпаратты толығымен жеткізіп, бұл істің қалай аяқталған қорытындысын жария­лайды деп ойлаймын.

Мурат Абенов

Мұрат ӘБЕНОВ, қоғам қайраткері: – Төлешевті тұт­қынға алар алдында біздің Қа­зақстан аза­маттарының кө­бісі интернеттен әдейі дайындалған роликті көрген деп ойлаймын. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында осы кісінің ұйымдастыруымен заңсыз түрде әскери құрылымдар болған. Оның ішінде бронетехникаларды, самолеттерді пайдаланған. Әртүрлі атыстарды, жаттығуларды ұйымдастырған топтар жүргенін байқадық. Мысалы, сол кезде де сұрақ туындайды. Мысалы, қанша уақыт өтті. Неліктен оған жол берген? Жергілікті мемлекеттік органдар қайда қарады деген ой туындайды. Оның заңсыз жасалғаны белгілі. Мысалы, ешбір Қазақстан азаматы, мейлі қанша бай болсын, қанша таныс-тамырлары болсын, дәл солай заңсыз әскери топтарды жинауға құқы жоқ. Менің өз ойымша, құқық қорғау органдары, ҰҚК өз қолдарына алып, осы топтың барлық әрекеттерін әшкерелеп, байланыстарын анықтауы керек. Олардың тек іште емес, сыртта да байланыстары бар деп есептеймін. Төлешев басқарған терроризмге қарсы күрес тобына шетелден қандай қолдау бар, соны тексеріп көру керек. Ең негізгісі, еліміз тыныш, жұртымыз аман болу керек. Құқық қорғау органдарының осындай шара қабылдағаны дұрыс деп есептеймін.

Марат Шибутов

Марат ШИБҰТОВ, саясаттанушы: – Мұндағы топ құрамына нағыз жоғары лауазымды күштік құрылым қыз­метіндегілер кір­ген екен. Яғни, олар мемлекеттік құпияларға кіре алған. Олар іс жүзінде әскери бөлімдерден бастап қауіпсіздік жүйесі туралы, терроризмге, қоғамдық тәртіптің бұзылуына қарсы іс-әрекет жоспарлары туралы, тағы басқалар жайында бәрін білген. Яғни, бүкіл жүйеге ішінен қанық болған. Сон­дықтан, олар үшін жары­лыс жасау да қиын­ға соқпайды. Нақ осы діни ради­кал­дар мен нақ осы қар­сылықты ұйым­дас­тырушылар өз­дерін пайдаланушы тап­сырыс иелерін мүлдем білмеуі де әбден мүмкін. Есенжол Алияров Есенжол АЛИЯРОВ, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті: – Органдар тек Төлешевке қатысты ғана ауыр айыптар тағып отырған жоқ. Онда бірқатар әйгілі есімдер жүр. Айта­лық, республика прокурорының бұ­рынғы бірінші орынбасары, Оң­түс­­тік Қазақстан об­лысы ішкі істер департаментінің бастығы... Менің ойымша, бұл айтарлықтай ауыр айыптау. Мұның өзі артық-кемі жоқ мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті. Бұл арада іс транспарентті түрде тергеп-тексерілуі тиіс, жұртшылық барлық жағдайдан хабардар болуы керек. Юлия Кучинская Юлия КУЧИНСКАЯ, әлеуметтанушы: – Билікті тақтан тайдыруға мүдделі адамдар бар сияқты. Билікті тайдырғанда олар елдің мүддесін көздейді деп айта ал­май­мын. Олар өздері­нің жеке бас пай­даларын, жеке мақ­саттарын көздейді. Мұндай әрекетке тойтарыс беруіміз қажет. Юрий Булуктакев Юрий БУЛУКТАЕВ, саясаттанушы: – Ақтөбеде бол­­ған жағдай, ең ал­дымен, өзінің ар­сыздығымен жан­­түршіктіреді. Өйт­кені, мұнда бірін­ші кезекте адамдар қасірет шекті, жа­зықсыз жандардың қаны төгілді. Менің ойымша, бұл арада мемлекет өз құзіретін іске қосып, зорлық-зомбы­лыққа тойтарыс беруі керек. Бүкіл қоғамға, мемлекетке, халыққа қарсы шапқан жүген­сіздерді ауыздықтау құқығына да нақ осы мемлекет ие деп білемін. Георгий Кан Георгий КАН, тарих ғылымдарының докторы, профессор: – Кез келген лаң­кестік әлдебір үрей, қорқыныш тудырғысы ке­ле­тіні айдан ан­ық. Бірақ олар осы жо­лы есептерінен жаңылды. Егер шын мәнінде тереңірек зерделер болсақ, мұның бәрі неге орын алып отыр? Берекелі өмір сү­ру үшін бар­лық жағдай бар емес пе? Адам­дардың осындай қай­дағы бір түсініксіз, көлеңкелі мақ­саттар үшін неге жанқиятындығын түсінбеймін.