Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Еліміздің мұсылмандары қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естіді. Осы оқиғаға дін атын жамылған радикалдардың қатысы бар деп айтылуда.
Адам жанын түршіктіретін зұлымдыққа барғандардың дін жолында жүрген мұсылмандарға қатысы бар деп айтуға ауыз бармайды.
Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейді.
Ел мұсылмандарының басын қосып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды.
Ислам – бейбітшіліктің діні. Құран Кәрімде «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» («Маида» сүресі, 32-аят) деген иләһи қағида бар.
Ел аман, жұрт тыныш заманда жантүршігерлік қылмысқа барғандардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық.
Алланың құзырында да, мемлекетіміздің заңы алдында да қылмыс жасағандар ең қатал жазаға тартылады деп сенеміз.
Елдің амандығы жолында өздерінің азаматтық парыздарын орындау барысында қаза тапқандардың отбасыларына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және сабырлық тілейміз. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жанын қия отырып, ауыр зардапқа апаратын қылмыскерлердің жолын кесті.
Тағылымы мол хадисте Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі – күнәсіне өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз; екіншісі – Отанды қорғап, шекара күзеткен көз» деп айтқаны белгілі. Отан жолында қаза болған бауырларымыздың жаны жұмақта болғай.
Сонымен қатар, қылмыскерлерге тосқауыл қою кезінде жарақат алған бауырларымызға Алладан шипа тілейміз.
Ақиқатында, жазықсыз жандардың өмірін қиған залымдарды ел азаматтары, шынайы мұсылман бауырларымыз түбегейлі айыптайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі – баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Сондықтан қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмірді сақтау – әр азаматтың борышы һәм парызы деп білгеніміз жөн.
Еліміздің барша азаматтарын арандатушылық әрекеттерге берілмеуге, қоғам тыныштығын қадірлеуге және жауыздықпен жұмыла күресуге шақырамын.
• 07 Маусым, 2016
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты мәлімдемесі

Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26