Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі лорд Мұхаммед Шейхпен кездесті.
Тараптар Қазақстан-Британия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қараша айындағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген екі ел арасындағы келісімдерді іске асыру барысын талқылады, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Британия Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтың құрылуын құптап, парламентаралық байланыстың одан әрі күшеюіне сенім білдірді. «Бүкілпартиялық парламенттік топтың алдағы күзге жоспарланған ресми сапары қатынастарымыздың жан-жақты дамуына қосымша серпін беретініне және барлық бағыттарда сенімді, ашық диалогтың одан әрі тереңдеуі үшін негіз болатынына сенемін», – деп атап өтті Е.Ыдырысов.
«Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру жүйесінде атқаратын рөлі және халықаралық қақтығыстарды реттеудегі оның жәрдемі таңғалдырады», – деді М.Шейх. Сонымен қатар, Қазақстанның халық арасындағы келісім мен төзімділікті, құрмет пен достықты ілгерілету бойынша жалпы ұмтылыстарының ерекше үлесін баса айтты.
Астанаға сапары барысында британдық лорд «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға және «KADEX – 2016» 4-ші халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесіне қатысты.
«Егемен-ақпарат»

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38