Күні кеше Есіл өзенінің қос қапталындағы Қараөткел атты сортаңдау жерге орналасқан елордамыз – Астана қаласы Сарыарқаның бел ортасындағы жасыл желек жамылған гүлзар қалаға айналатындығына біреу сенсе, енді біреудің күдікпен қарағаны хақ. Алайда, бұлтартпас ақиқат айғағы бүгінде әлемнің өркениетті қалаларының қатарында қылаң берген Астананың жасыл қалаға айналғандығы анық. Елбасының бастамасымен Астана белдеуінде қолдан жасалған орман алқабы да күннен-күнге кең қанат жайып барады.
Соңғы кезде Астананың гүлзарларын қызылды-жасылды гүлмен көмкеру дәстүрі кең өріс алды. Осы игі бастаманы жалғастыра отырып биылғы жылы қала бойынша 8 миллион түпке жуық әртүрлі гүлдер отырғызылмақ. Қазіргі күні «Астана Зеленстрой» акционерлік қоғамының еңбеккерлері осы бір кешенді жобаны жүзеге асыру жолында жұмыла еңбек етуде.
Жоба бойынша биыл қала көшелерін жалпы аумағы 147 мың шаршы метр көз жауын алар гүлзарлар көмкермек. 147 мың шаршы метр алаңға 7,9 миллион түп гүл өскіндері отырғызыла бастады. Қалыптасқан тәртіп бойынша бұл гүл алқаптарын акционерлік қоғам еңбеккерлері күн құрғатпай баптайды. Соның нәтижесінде жаз айларында қаулай өскен сан түрлі гүл шоқтары қала жұртшылығының және қонақтарының көзайымына айналады. Сонымен қатар, қалада өсімдіктен жасалатын жасанды жасыл мүсіндер де көпшілік көңілінен шығуда. Неше түрлі жануарлар бейнеленген бұл жасыл мүсіндер қала көркіне шырайлы сән қосады.
Тәуелсіз еліміздің бас қаласын гүл қалаға айналдыру жолындағы бастама баянды жалғасын табуда. Биыл 3-5 маусым аралығында «Қазақстан» спорт сарайының маңындағы Студенттік саябақта тұңғыш рет «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі өткізілді. Осы игілікті шара барысында гүлдердің 32 мыңнан астам түрі көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, шырайгүл, лобелия, алиссум, цинерария, дельфиниум және басқа адам қолымен жасалған жұпар иісті гүл түрлерін өсіру тәжірибесі жан-жақты паш етілді.
– Астанада алғаш өткізіліп отырған гүлдер фестивалінің басты мақсаты гүл өсіру дәстүрін жаңғырту, мәдени таным мүмкіндіктерін кеңейту, елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық тазалығына кеңінен жұмылдыру болып табылады. Бұл бастаманы біз жыл сайын жалғастырып, жас елордамыз үшін игілікті дәстүр қалыптастыруға ниеттіміз, – дейді «Астана-Зеленстрой» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.
Гүлдер фестивалі барысында оны ұйымдастырушылар қала жұртшылығына қызықты бағдарлама ұсынды. Шара барысында «Гүлден сабын жасау» бағдарламасы бойынша ересектер мен балаларға өз қолымен гүлдің қош иісі сіңген сабындар жасау тәжірибесі үйретілді. Гүл қаланың жасыл желегін жайқалту мақсатындағы мұндай игі бастамалар елордамызда лайықты жалғасын таппақ.
Ұлан САНЖАР

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38