Шымкент • 12 Маусым, 2016

Оңтүстік Қазақстанда қауын-қарбыз пісті (фото)

1656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мырзашөл ауылының диқандары алғашқы өнімін Қазақстанның барлық өңірлерімен қатар, Ресей және Беларусь нарығына да шығара бастады.

120616-dinia

Күн райы жайлы болғандықтан, көктемгі егіске бір ай бұрын кіріскен шаруалар қазірдің өзінде 50 мың тоннадан астам қырыққабат пен 3500 тоннадай бақша өнімдерін жиып үлгерді. Бүгінде Мырзашөлдің қауыны 350 теңгеден сатылуда. Бұл әрине әдепкі баға. Ал алыпсатарлар қауын бағасы үлкен қалаларда өсіріп, қыруар пайдаға кенелуде. Диқандардың айтуынша, дәмі тіл үйіретін бір қауынның салмағы 2,5-3 кило тартады. Айта кетейік, биыл Мақтарал ауданында 25 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілген.

Талғат Райымбек. Дерек: 24.kz. Фото: otyrar.kz. vk.com

120616-dinia 1 120616-dinia 2 120616-dinia 3

Соңғы жаңалықтар