«2016 жылғы 3 ақпан, Астана қаласы
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 219-н/қ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 219-н/қ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8948 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 284 (28223) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Есеп комитетінің лауазымды адамдары бұйрықпен өздеріне қатысты бөлігінде таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
Есеп комитетінің Төрағасы Қ.ЖАҢБЫРШИН