2016 жылғы 16 қаңтар,Астана қаласы
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын
ашық деректер тізбесін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы В.ЖҰМАҚАНОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және
даму министрі ______________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 22 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздің комитеті Төрағасының
2016 жылғы 16 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген
Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
№ Ашық деректер жиынтығының атауы Өзектендіру кезеңі Ұсыну мерзімі Дереккөздер (ашық деректер интернет-порталыныңа автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы) Жауап-ты тұлға
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы Қажеттілігіне қарай 2016 жылғы ақпан Ашық деректер интернет-порталы АЖО
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары және оқу орындары Қажеттілігіне қарай 2016 жылғы ақпан Ашық деректер интернет-порталы АЖО
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13147 болып енгізілді.