[caption id="attachment_47905" align="aligncenter" width="700"] vk.com[/caption]
Футболдан Еуропа чемпионатының F тобында өнер көрсететін Исландия мен Австрия құрама командалары Сен-Дени қаласында кездесті.
Исландия – Австрия 2:1Стадион: «Стад де Франс».
Төрешілер: Марциняк Шимон, Сокольницки, Листкевич Томаш (бәрі – Польша), Клаттенбург Марк (Англия).
Исландия: Халльдорссон, Севарссон, Арнасон, Р. Сигурдссон, Скуласон, Гудмундссон, Гунарссон, Г. Сигурдссон, Бьярнасон, Бёдварссон (Бьярнасон 71), Сигторссон (Траустасон 80).
Австрия: Альмер, Дранович, Предль (Шепф 46), Хинтереггер, Фухс, Ильзанкер (Янко 46), Баумгартлингер, Кляйн, Алаба, Арнаутович, Забитцер (Яншер 78).
Голдар: Бёдварссон 18, Траустасон 90+4 – Шопф 60
Ескерту алғандар: Скуласон 37, Сигторссон 51, Арнасон 78, Халльдорссон 82 – Янко 71
Исландия Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетті. Бірін-бірі аңдысқан қос команда шабуылдарды жиі ұйымдастырды. Жүйелі ойын көрсете білген Исландия есепте алғаш болып алға шықты.
Кездесудің 18-минутында Бёдварссонның жасаған соққысы Альмер қақпасының торынан табылды. Ал Австрия бұдан кейін осал команда еместігін дәлелдеп сауатты қорғана білді. Шабуылдарға да жиі араласты. Осының арқасында 60-минутта Шопфтың көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Әйтсе де, бұл ойындағы жеңіс ауадай қажет болған исландиялықтар аяғына дейін шыдап бақты. Кескілескен шайқаста әйтеуір дегенде соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті. Негізгі 90 минутқа төреші қосқан қосымша минуттарда Траустасон өз командасының екінші голын соқты.
Аян Әбдуәли.