Қазір уақытта еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында соңғы курстың студенттері диплом қорғап, өздері таңдаған мамандықтың иесі атанып жатыр. Солардың ішінде журналистиканы таңдағандар да жетерлік. Ал бірер күннен кейін республика көлемінде «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі. Осы орайда біз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және саясаттану» факультеті бойынша мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасы, Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайды әңгімеге тартқан болатынбыз.
– Дархан Қамзабекұлы, сұхбатымыздың басын еліміздегі журналист кадрларын даярлаудан бастайық. Айтыңызшы, жоғары оқу орындарында білікті маман қалыптастыру, оларды қанаттандыру бағыты қалай?
– Қазір бізде журналистиканың салалары да, бағыттары да көп. Оның ішінде жарнамашы да, пиаршы да, сарапшысы да, жазатыны да, үн қосушысы да бар. Халық оларды ажырата алмай қалды. Айталық, бұрындары «пропаганда» дегенді жиі қолданушы едік, қазір «пиарпагандаға» айналған тәрізді. Сонымен қатар, дизайн-журналист деген ұғым да қалыптасты. Негізінде әрқайсысының атқаратын функциясы әртүрлі, алайда, олар «атала» секілді араласып кеткен.
Жалпы, елімізде журналист даярлайтын оқу орындары жетерлік. Оларға тыйым салудың қажеті жоқ, қайта жұмыс берушілер, яғни олардың түлектерін қабылдайтын БАҚ ұжымдары рейтинг жүргізсе, көпшілігі өздерінен өздері жабылып қалары сөзсіз. Журналист дайындайтын факультеттерге рейтингті министрлік емес, БАҚ ұйымдастырса, журналистердің сапасы артады, даярлығы күшейеді.
Ал енді кадр даярлауға келсек, ойы ұшқыр, тілі өткір жас талап ертеңгі күні өзін кез келген ортада көрсете алады. Меніңше, журналиске ең алдымен талант, мінез қажет. Жазуы арқылы қоғамдық ойды қозғап қана қоймай, ортаға ықпал етуі тиіс. Яғни, өткірлік керек. Қарап отырсақ, барлық университеттер де ақылы және грант жүйесімен оқитын студенттер бір топта білім алып жатыр. Ол дұрыс та шығар, бірақ бәрі бірдей жауапкершілікті сезіне алмайтын сияқты. Неге? Көп жағдайда ақылы негізде оқитындардың көпшілігі «Біз ақысын төлеп оқимыз, оқудан шығармайды», деп өздерін алдаусыратады. Мұндай көңіл күймен тәуір маман қалыптасуы екіталай. Әрине, арасында жақсы журналист болатын таланттылары да бар, бірақ некен-саяқ. Десе де, оларды екі бөлек оқытқан тиімді болар еді.
– Қазіргі замана жалына жабысқан жас журналистерге көңіліңіз тола ма? Еліміздегі ақпарат құралдарының аяқ алысы қалай?
– Толады. Дегенмен, ізімізден ерген іні-қарындастарымыз көп ізденуі керек. Бүгінде интернет-журналистері мен баспасөз журналистеріне (газет-журнал) қатысты қоғамда екіұдай пікір бар. Көпшілігі интернеттің заманы, қағаз өнімдері күндердің күнінде жойылып қалады, яғни халық газет-журнал оқымайды, дейді. Бұл – мүлдем теріс ұғым. Технологиясы дамыған, интернетті бізден әлдеқашан ертерек меңгерген озық елдерде газетке деген сұраныс, керісінше, артып келеді. Өйткені, олар дәстүрге құрметпен қарайды. Еуропа, жекелеген Азия елдерінде таңертеңгісін жұмысын газет оқудан бастайды. Сол секілді, бізде де газетке, журналға деген құрмет дәстүрге айналса, қағаз өнімдері өміршең болады.
– Әне-міне дегенше журналистердің кәсіби мерекесі келіп қалды. Осы орайда әріптестеріңізге ізгі тілегіңіз.
– Бүгінде журналистер төл мерекені атап өтуден бұрын, өздерін қоғамға танытатын, елдің назарын аудартатын кәсіптің беделіне лайықты іс-шаралар ұйымдастырса абзал. Жалпы, журналист – қоғамның, билік пен халықтың назарында тұрған тұлға. Олар күнделікті тарихты жазып қалдырады, яғни бүгінгі жазғаны ертеңгі күні елдің шежіресін құрайтын болады. Осы сауапты да жауапты істе мамандығына да, мемлекетімізге де адал қызмет етуді ұзағынан бұйыртсын.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»
• 23 Маусым, 2016
Қоғамға қолынан қаламы түспейтін журналист қажет

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 23:01
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Бокс • Бүгін, 22:40
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан • Бүгін, 22:08
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 21:28
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Бүгін, 20:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:20
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Бүгін, 19:54
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Бүгін, 19:34
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Бүгін, 18:58
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31