Осыған дейін археологтардың түрлі кезеңдерде өмір сүрген халықтың бағалы бұйымдарын, заттарын тапқаны туралы естуші едік. Бірақ жақында Ирландия жерінде ерекше оқиға орын алды. Ғалымдар бұл маңайдан батпаққа көмілген сары майды тапты.
Мәліметтер бойынша, 2000 жыл бұрын өмір сүрген халық сары май жасаудың шебері болған. Ең қызығы, содан бері қанша уақыт өтсе де, Мит графтығында сүт өнімінің 10 килосы сақталып қалыпты.
Тарихи зат Ирландия ұлттық музейінде сақталады. Сол кезеңде өмір сүрген халықтың бір дағдысы, азық-түліктерін батпаққа жасырып қояды екен. Әсіресе, жаугершілік тұста, осындай істерін жиі жасапты. Ал ғалымдар тапқан сүт өнімі ешнәрсеге оралмаған күйі көмілген. Болжам бойынша, көмген адам оны қайта алуды ойламаған болса керек.
Мамандар 2000 жыл бұрын жасалған сары майдан сүттің иісі аңқып тұрғанын айтты. Ал оның дәмі қандай екені әзірге белгісіз. Себебі, оның дәмін татып көруге ниет білдірген жан әлі табыла қоймапты.
Бір айтатыны, осыған ұқсас жағдай екі жыл бұрын болған екен. Ұлыбританияда 4000 жыл бұрынғы май кесегі табылыпты. Алғаш болып дәмін татқан Кевин Торнтон есімді аспаз оның дәмді екенін айтқан.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:59
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:45
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Заң • Бүгін, 16:22
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:01
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:46
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Партия • Бүгін, 15:30
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Елорда • Бүгін, 15:12
Дәрілік заттарды тіркеу және нарыққа шығару ісі жеделдетіледі
Медицина • Бүгін, 14:55