Күзде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді
Кеше Астанада «Қазақстан барысы» турниріне арналған жиын өтті.
Кездесуде бірнеше мәселе қаралды. Онда балуандардың жарысқа дайындығы, төрешілердің қызметі мен басқа да мәселелер талқыланды. «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев аталған жарыс жүлде қорының 42 млн. теңге болатынын, ал турнирдің жеңімпазына 25 млн. теңге, жеңіл автокөлік және Астанадан пәтер берілетінін айтты.
– Соңғы кездері өздеріңіз білетіндей, бүкіл әлемде қаржылық дағдарыс болып жатыр. Еліміздің экономикалық жағдайы да жарыстарды көптеп өткізіп, жүлде қорын көбейтуге қол байлау болып тұр. Соған қарамастан, биылғы турнирді лайықты өткізу үшін бар күшімізді салып, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының арқасында жүлде қорын 42 млн. теңгеге жеткізіп отырмыз. Онымен қоса, турнирдің жеңімпазына ақшалай сыйлық, автокөлікпен бірге Астанадан пәтер беріледі, – деді ол.
Одан кейін А.Шораев биыл Астанада қазақ күресінен кезекті әлем чемпионаты өтетінін айтты. Оның мәліметінше, әлемдік дода қазан немесе қараша айларында өтеді. Ал келесі жылы халықаралық ЭКСПО көрмесінде «Әлем барысы» жарысы ұйымдастырылады.
Осы жиында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Сонымен бірге, кездесуде балуандардың күртешелеріне өзгеріс жасалғаны туралы хабарланды. Енді турнирге қатысатын 33 балуан шынтақ буыны 5 см-ге, шалбардың балағы 10 см-ге ұзартылған күртеше киіп, кілемге шығады. Елемес Әлімқұлұлының айтуынша, күртешеге өзгерістер балуандардың күрескенде ыңғайлы болуы үшін жасалды.
Кездесуде Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Садық Мұстафаев аталған турнирдің ережесіне де өзгерістердің енгізілгенін айтты. Ол балуандар күресіп жатқанда белбеуін шешсе, ескерту жасалатынын, кілемді қолымен тіреп тұрса қарсыласына бүк ұпайы берілетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол күртешенің жоң ішінен ұстауға рұқсат берілетінін атап өтті.
– Балуандар күрескенде әдейі белбеуін шешуі мүмкін. Ол уақытты создырып, демалу үшін солай істейді. Биылғы турнирде спортшылар жаңа ереже бойынша күреседі. Бұл балуандардың күресуіне ыңғайлы болуы үшін жасалды, – дейді ол.
«Қазақстан барысы-2016» турнирінің финалы 3 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Көрермендер арасында ұтысқа автокөлік ойнатылады. Балуандар жарысын ««KazSport»» арнасы, Түркияның «TRT Avaz» арнасы мен Ресейдің «Матч! Боец» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30