23 Маусым, 2016

Бас жүлде – 1 миллион теңге

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMGL1967Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған байқау мәреге жетті Кеше Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Марапаттау рәсімі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­ме­диұлының құттықтау сөзімен ашыл­ды. Шара барысында министр журналистерді қол жеткізген табыстары мен шығармашылық қызметтері үшін Құрмет грамоталармен және Алғыс хаттармен марапаттады. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған бұл шара одан әрі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» бай­қауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Айта кетейік, аталмыш рес­пуб­ликалық байқауға ел өңірлерінен 200-ден астам материал келіп түсті. Байқауға мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту және оның ахуалы туралы өзекті материалдар жариялаған тілшілер ғана қатысты. Байқау «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағ­дарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша бағаланды. Ережеге сай, келіп түскен материалдарды елімізге белгілі журналистерден құралған қазылар алқасы қарап, жүл­дегерлерді анықтады. IMGL2319Қорытынды кезең бойынша, бас жүлдені «Айқын» республикалық қо­ғамдық-саяси газетінің шолушысы Сейсен Ұлықбеков иеленді. 1 миллион теңгенің сертификатын министр А.Мұхамедиұлының өзі табыс етті. «Үз­дік мақала» номинациясы бойынша 2-орынды «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Валентин Шипунов, 3-орынды «Жетісу» облыстық газетінің тілшісі Меруерт Молдағалиева жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша 1-орынды «Қазконтент» АҚ «e-histori.kz» сайтының тілшісі Алтынбек Құмырзақұлы, 2-орынды «Үркер.кз» сайтының тілшісі Нұрлан Құмар, 3-орын­ды «Абай.кз» сайтының тілшісі Меңдолла Шамұратов иеленді. Сондай-ақ, «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бо­йынша 1-орынды «Алматы» телеарнасы­ның тілшісі Әмірболат Құсайынұлы, 2-орын­­ды «Қазақстан» РТРК» Ақмола облыстық телеарнасының тілшісі Раушан Сайлауқызы, 3-орынды Ақтөбе облыстық «Рика-ТВ» телеарнасының тілшісі Әлия Шәмішова жеңіп алса, «Үздік радио бағ­дарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды Қазақ радиосының «Алматы» студиясының тілшісі Жұмабек Ақтоты, 2-орын «Халық» радиосының тілшісі Раушан Сыбанжанова, 3-орынды Қазақ радиосының редактор-шолушысы Жанат Жанұзақов иеленді. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл іс-шара мемлекеттік тілді насихаттау белсенділігін арттырып, оның дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.  Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист