Бұл кәсіпорын екі жолдың қақ ортасында орналасқан. Бір жағында ұзынынан шұбатылып Алматы, Астана, Шымкентке апаратын теміржол, екінші жағында көлігі үзілмейтін кәдімгі үлкен трасса жатыр. Былайша айтқанда «База-servis» ЖШС өте ыңғайлы жерде орналасқан. Базарда да адам көп жүретін жерден орын алсаң, саудаңның жеңіл болатыны сияқты «База сервиске» де жол-жөнекей бұрылып, өнімін саудалаушылар саны көп. Міне, біз әңгіме еткелі отырған Байзақ ауданы, Үшбұлақ стансасы маңындағы «База-servis» ЖШС 2011 жылдан бері кореялық жаңа технология бойынша кірпіш шығарумен айналысып келеді.
– Теміржол мен көлік жолының тура іргемізде жатуы кәсібіміздің алға басуына көп көмегін тигізуде, – дейді бұл жөнінде «База-servis» ЖШС-нің директоры Рүстем Сейдахметов. – Осы теміржол арқылы сонау Мойынқұмдағы Мыңарал зауытынан тікелей цемент алдырып отырмыз. Бұл әжептеуір арзанға түседі. Сондай-ақ, көлік жолы арқылы өнімімізді молынан саудалап, тасымалдап жатырмыз. Жақында «Даму» бағдарламасы бойынша несие алып, 800 мың АҚШ долларына жаңа қондырғылар орнаттық. Үлкен жолдың бойында орналасқандықтан біздің кәсіпорынға атбасын бұрушылар өте көп. Оның үстіне бұл аймақта бізге бәсекелес болатын ешқандай кәсіпорын жоқ. Содан болар үй соғып, құрылыс жүргізетіндер бізді көбінесе өздері іздеп келеді. Бес түрлі өнім шығарып, қазір күніне 5 мың кірпіш жөнелтудеміз. Әйтсе де кәсібімізді тек бір бағытта ғана өрбітпей, қасымыздан үлкен көкөніс сақтау қоймасын салуды жөн көрдік. Іргеміздегі қатынас жолдары бұл қойма жұмысының алға басуына көп септігін тигізетіні анық. Және қоймаға өнімді өзгелерден ғана жинамай, өзіміз 20 гектар жерге бау ектік.
Міне, «База-servis» ЖШС барлық мүмкіндікті пайдаланып, кәсібін өрге оздырудың бар амалын жасауда. Бұл кәсіпорын кезінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үстемелік 7 пайызбен «Цесна Банк» АҚ-тан 265 млн. теңге несие алып, оған 35 млн. теңге өз қаражатын қосып, зауыт құрылысын аяқтаған болатын. Бас-аяғы 300 млн. теңгені құрайтын бұл жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген. Тоғыз жолдың торабында орналасқан «База-servis» ЖШС-нің бизнесте бағындырар биігі әлі алда екені сөзсіз.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53