24 Маусым, 2016

Келешекке кемел қадам

276 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Махметов Сей3kбекЕлбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Біз – азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт», – деп атап көрсетті. Алдымызда дамыған озық 30 елдің қатарына кірумен бірге «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру секілді толағай міндеттер тұр. Өткенге ой жүгіртсем, Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде не атқар­дым, елімнің өркендеуіне қан­дай үлес қостым, деген сауал кес-кестейді. Иә, егемендіктің елең-алаң шағында күрмеуі көп көптеген экономикалық қиын­дықтарға кезіккеніміз рас. Оның бәрі кешегідей көз алдымызда. Мемлекет басшысының тура жолдан адастырмай, алға же­те­леуінің арқасында ширек ғасырлық ме­рейтойға да жетіп отыр­ғанымызға шүкіршілік дейміз. Сол кездері құрылған «Ба­­­­бық-Бұрлық» ЖШС-і бү­гінде облыстағы ірі астық ша­руашылықтарының бірі. Біз де тәй-тәйләп өскен сәби құсап өсу, толысу, тәжірибе жинақтау кезеңдерін бастан кешірдік. Алғашқы қадамымызды кеңестік дәуірден қалған ескі «Нива», «Енисей» комбайндарымен, «ДТ-75», «Т-4», «Т-40», «ЮМЗ-6» тракторларымен бастадық. Қазір «ҚазЭкспортАстық» холдингінің құрамында жұмыс істеп жатқан­дықтан қолдау көрсетіледі. Серіктестіктің иелігінде 25 мың гектар егістік пен жа­йылым бар. Жыл сайын дән­ді және майлы дақылдар, бір­жыл­дық және көпжылдық мал азықтарын өсіріп, мол өнім алып келеміз. Астықтың гектар берекелігін 30 центнерге дейін жеткізген тұстарымыз болды. Шаруашылықта өндіріс көлемін арттыру мақсатымен техникалық қайта жарақтандыруға, қор үнем­деу технологиясын енгізуге, ми­нералды тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау заттарын тиімді пайдалануға айрықша көңіл бөлінеді. Біздің мамандарымыз АҚШ, Канада, Герма­ния секілді өркениетті елдерге ба­­рып, өндірістік тәжірибеден өтті. Сөйтіп, астық өндірісінің нөлдік технологиясымен жұмыс істеу тәжірибесін үйреніп келді. Соңғы жылдары сыйымдылығы 13500 тоннаға жетеғабыл 9 ас­тық сақтайтын қондырғы іске қосылды. Серіктестіктің ғимараты мен машина-трактор паркін, нау­байхана мен ауылдық клубты жы­лыту үшін заманауи қазандық орнатылды. Кейінгі уақытта мал шаруа­­­­­шылығын дамыту бағдар­ла­­­масына белсене атсалысып ке­леміз. Компанияның қаржылық қолдауымен қазақтың етті ақбас сиырлары сатып алынды. Тұқым шаруашылығы мәртебесін ие­леніп, мал басы екі мыңға жет­ті. Канададан 10 герефорд асыл­тұқымды аталық мал әкелінді. Мал сою және қолдан ұрық­тан­дыру қосындары жұмыс істейді. Серіктестік же­ке­мен­шік-мемлекет әріп­тестігі аясында шаруашылық аумағындағы мек­тептерге жыл сайын жөн­деу жұмыстарын жүргізіп, оқу­­шыларды тегін тамақпен қамтамасыз етеді. Төменгі Бұр­лық ауылындағы дәрігерлік амбулатория қалпына келтірілді. Агроқұрылымның күшімен балабақша, Мәдениет үйі қалпына келтірілді. Жақсы Жалғызтау ауылында қоғамдық монша іске қосылды. Жастар үшін дәмханасы бар жазғы би алаңы ашылды. Жаңа стадион, «Арлан» жабық мұз айдыны, ауыл тұрғындары демалатын «Конституция алаңы» пайдалануға берілді. Қат-қабат тіршіліктің жете­гінде жүрсек те, ауыл­дық­тар­дың әлеуметтік мәселелерін на­зардан тыс қалдырмаймыз. Жылыжайларда көкөністер өсіріліп, тұрғындар мен бала­бақшаға, мектепке қолжетімді бағамен босатылады. Бір сөз­бен айтқанда, ел игілігі үшін атқарылып жатқан азды-көпті жетістіктерге бостандықтың ақ таңының арқасында қол жет­кізгенімізді зор бақыт санаймыз. Келешекке кемел қадаммен баса отырып, ел ризығын еселей түсуге барлық күш-жігерімізді жұмылдыратын боламыз.  Сейілбек МАХМЕТОВ,  «Бабық-Бұрлық» ЖШС директоры, «Құрмет» орденінің иегері  Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше