Жақында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтетін «Париж Құдай Анасы соборы» балетінің премьерасына орай баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Оған «Астана Опера» театрының директоры Төлеубек Әлпиев, қоюшы-балетмейстер Луиджи Бонино, балеттік труппаның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова, балеттік труппаның директоры Тұрсынбек Нұрқалиев, Квазимодо рөліндегі Бақтияр Адамжан, Эсмеральда рөліндегі Әйгерім Бекетаева, сияқты танымал саңлақтар қатысып, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Театр директоры Төлеубек Әлпиев ХХ ғасырдың айтулы хореографы Ролан Петидің әйгілі балетін Қазақстанда сахналау «Ролан Пети балеттері» Қорының рұқсатымен жүзеге асырылғанын және де елордалық балет труппасының мұны жоғары деңгейде орындап шыққанын атап өтті. Сондай-ақ, ол танымал қойылымды қазақ сахнасына алып келуге бастамашы болған балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова мен франциялық арнайы мамандарға зор алғысын білдірді. «Бұл партияны орындау үшін мен біраз тер төктім. Луиджи Бонино хореографияның барлық қыр-сырын егжей-тегжейлі айтып та, көрсетіп те берді. Дайындықтың бірнеше кезеңінен өттік, техникалық ерекшеліктерді меңгеріп, көркемдік образда жұмыс жасадық. Репетиция балет залынан сахнаға ауысқанда, барлық әртістер өз кейіпкерін толыққанды аша білуі керек. Пластикасы үйреншікті болмағандықтан, бәрімізге қиындық тудырды. Менің кәсіби қоржынымда басқа да рөлдер көп, бірақ мұндай партияны алғаш рет орындауым. Квазимодоның кемістігіне қарамастан, мен оның жанының тазалығын көрсете білуім керек. Мұндай балетті, мұндай партияны тек армандауға болады», – дейді Рүстем Сейітбеков... Трагедиялық сарында өрбитін «Париж Құдай Анасы соборы» балеті би өнерінің нағыз классикалық інжу-маржаны саналады.
Арайлым ТАСТЕМІР,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05